«Адал кітапхана» жобасы
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал кітапхана» жобасы жүргізілуде.
Жобаның мақсаты: оқушылардың бойында парасаттылық және әділдік сияқты моралдық сипаттарды тәрбиелеуге бағытталған. Іс-шара осындай адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелейтін жобалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштік пен саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосу.
«Адал кітапхана» бұрышы жоба аясында оқырман кітапханашының көмегінсіз тіркеліп, белгілі бір мерзімге дейін кітапты алуына болады. Бұл жоба бір жағынан қарағанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және оқырмандардың жауапкершілігін арттыруға сеп болмақ.
«Адалдық кітапханада» жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған бөлімдер бар. Балалардың тыныш отырып дайындалатын, еркін отырып демалатын жұмсақ орындар кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған. Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни оқушы өзі еркімен қажетті құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндіктер жасалған.
Оқушылар үшін «Адал кітапхана» тәрбие мекені болмақ. Оқырман кітапханашының көмегінсіз тіркеліп, белгілі бір мерзімге дейін кітапты алуына болады. Бұл жоба бір жағынан қарағанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және оқырмандардың жауапкершілігін арттыруға сеп болмақ. 1-7 сыныптар аралығында «Адал кітапхана » туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс шараның оқу жылы бойы жүзеге асатындығы, жауапкершілік таныту керектігі, шынайы атқару керектігі айтылды.