Білім

БАБАЛАР БАТЫРЛЫҒЫ — ТАТУЛЫҚ ТҰТҚАСЫ

 

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Ордабасы аудандық әкелер мектебінінің бірлесе ұйымдастыруымен Қ.Мүсірепов атындағы орта мектепте «Бабалар батырлығы — татулық тұтқасы» тақырыбында аудандық «Әкелер мектебі» әдістемелік семинары өтті.

Іс-шараға аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасының әдіскері Г.Досқара, аудандық әкелер мектебінің төрағасы Л.Жүсіп, А.Қожагелдиев, Бөржар ауыл округіне қарасты мектеп директорлары, әкелер мектебінің төрағалары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Жамбыл ауылының тыл ардагері Б.Шатырбай, Қ.Қалмырза, Бірлік ауылының тыл ардагері О.Әбілдабеков,  Ж.Әбілдабекова және ардагер ұстаз Н.Нұрқожаұлы, Жамбыл ауылының биі З.Жарылқапов, әкелер мектебінің төрағасы М.Арыс, Бөржар ауыл округінің әкелер мектебінің төрағасы А.Нұрбай және ауыл қариялары қонаққа келді.

Іс-шараны «Жұлдыз» тобының «Шашу» биімен ашылды. Мектеп директоры Шорман Седеп Жамбылқызы келген қонақтарды семинардың бағдарламасымен таныстырды. 8 сынып оқушысы Бекбол Гүлдана «Менің әкем» әнін орындады.10-сынып оқушылары өз шығармашылығынан өлең шумақтарын оқыды. 8-сынып оқушысы Б.Рашева «Түркістан» әнін шырқады. Семинарға келген қонақтарды 4 топқа бөліп, тәрбие сағаттарға қатысты.
9-сынып жетекшісі Болатбекова Гүлжазира «Батыр бабалар рухына тағзым» тақырыбында пікір талас сабағын өткізді. Сабақты Ұлы Жеңіске —76 жыл мерекесімен байланыстырды. Сабаққа қатысқан тыл ардагерлеріне оқушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сабаққа қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдірді.
6-сынып жетекшісі Уразова Жазира «Әке-отбасының тірегі» топтық жұмыс тәрбие сағатын өтті. Сабаққа оқушылардың әкелерін қатыстырып, үш топқа бөліп, тапсырмалар мен көріністер көрсетті.
5-сынып жетекшісі Қыдырова Нағиманың «Бабалар ерлігі-ұрпаққа мұра» топтық жұмыс тәрбие сағатында оқушылар 3 топқа бөлініп отырды. Әр топқа жеке тапсырмалар берілді.

«Шебер қолдар» қыздар үйірмесінің жетекшісі Асан Қалдықыз «Әкешім баға жетпес байлығым» сайыс сабағын ұйымдастырды. Сайыс сабақты 2 топқа бөлді. Әділ қазы алқалары сайланды. Оқушыларға белсенді қатысқаны үшін мектеп әкімшілігінен марапат берілді.
10-сынып жетекшісі Нарбекова Айгерім «Әке-асқар тауым» ашық тәрбие сағатын өткізді. 10 сынып жетекшісі Сәрсенбай Нұрай «Анам мен әкем» әнін орындады. Қазақтың ұлттық биі «Қалмажай» биі биленді. 1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған орыс биі папури орындады. Балалар «Әке қадірі» туралы көрініс көрсетті. Семинарды аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасының әдіскері Г.Досқара өтілген тәрбие сағаттарына қатысқан қонақтарға қорытынды сөз кезегін берді. Бөржар ауыл округінің әкелер мектебінің төрағасы А.Нұрбай қатысқан сабағы туралы пікірін айтты. Сабақты өте жоғары бағалады.Мектеп директоры С.Шорманға және мектеп ұжымына алғысын білдірді. Аудандық әкелер мектебінің төрағасы Л.Жүсіп, А.Қожагелдиев қатысқан сабақтары туралы ой пікірлерін айтып, өте жоғары баға берді. Бөржар ауыл округіне қарасты мектеп директорлары, әкелер мектебінің төрағалары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да өз пікірлері мен алғыстарын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close