БАЛА ҚҰҚЫҒЫ —АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы — балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім.
Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп- лицейінде Дүниежүзілік балалар күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық ұйымдастыру іс-шарасының жоспары аясында мектеп оқушыларына балалардың құқықтары туралы Конвенцияның баптарын түсіндіру, мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында 9-10 сынып оқушыларына «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шара барысында «Мен және менің құқығым», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында баяндамалар оқылып, бейнебаян көрсетілді. Жиналыс соңында мектеп оқушылары арнайы сауалнамаға жауап бере отырып өз ойларымен бөлісті.