БІЛІМ ОШАҒЫ ШӘКІРТТЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Білім күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 6–шы іс-шара бойынша мемлекет есебінен салынып, пайдалануға берілген Сайрам тұрғын алабындағы Сайрам көмекші – интернат колледжінің 300 орынға арналған ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филилалы «Саяси жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Байқонысов Ербол Рәбілұлы, «Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Иманқұлов Әбдез Рахманұлы, Қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі аймақтық Кеңесінің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының директоры Молдабек Асқар Ағабекұлы қатысып, ыстық лебіздерін білдірді.
Іс-шара концерттік бағдарламамен басталып, шақырылған қонақтар жаңа ғимаратпен танысып, арнайы жабдықталған кабинеттерді аралады. 300-ге жуық ерекше күтімді қажет ететін балдар үшін барлық жағдайлардың жасалғанына куә болған қонақтар бүлдіршіндерге тілектерін арнады.
Қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары әрі осы колледждің директоры ретінде атқарылған жұмыстармен егжей-тегжейлі таныстырып шықты.