БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ADAN» МЕКТЕБІ
Шымкентте жаңа оқу жылын 203 мектеп дәстүрлі оқу форматымен жұмысын бастады. Мектептер биыл 234 мыңға жуық оқушыны қамтып отыр. 25 мың бала мектепке алғаш рет барды. Мегаполис тұрғындарының төрттен бірі – мектеп жасындағы балалар. Бұл өсім потенциалы жоғары қала дегенді білдірсе, мектептер санын көбейтуге қажеттілік бар дегенді ұғындырады.
Мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды мектептерді азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада мектептер салудың жаңа жобасы қолға алынған.
Бұл білім мекемелерінің қатарында «ADAN» мектебі де бар. Білім беру ұйымы 600 балаға лайықталған. Қазір мұнда 399 оқушыға жоғары білікті 31 педагог білім беруде. Әзірге тек бастауыш сыныптары қазақ және орыс тілдерінде оқуда.
Балалар ұзартылған күн тәртібінде 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қауіпсіздік үшін тасымал қызметіне арнайы көлік қарастырылған. Оқушылардың жан-жанты дамуы үшін ағылшын тілі, би, вокал, шахмат, кіші футбол үйірмелері де бар.
Білім ұясында 24 сыныптық кабинет және 7 қосымша сынып оқу жабдықтарымен қамтылған, акт және спорт залдары, сыртта жабық кіші футбол алаңы, медициналық бекет және асхана бөлмелері бар. Қосымша сабақтарға арналған 7 сынып тағы бар.
Биыл үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді. Пән кабинеттерінің жабдықталуы 32,5 пайыздан 65 пайызға жетті.
«Аdan» мектебінің мекенжайы: Ғ.Иляев көшесі 27.