«БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері»
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан «Жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасының маңызды бағыттарының бірі –тұрақты семинарлар өткізу. Жуырда осы мақсатта орыс тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдеріне арналған «БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Білім беру бөлімінің әдіскері Р.Есімханова бұл семинарды мұғалімдердің теориялық білімдерін тексеру барысында тестілеуден бастады. Содан кейін «Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай?» атты тақырыбында диагностикалауды өткізді.
Шебер-сынып қорытындысы бойынша жас мұғалімдер, бұл жұмыс оларға бақылау тапсырмаларын әзірлеу кезінде кездесетін қиындықтарды шешуге көмектеседі деген пікір білдірді. Семинар жас мұғалімдердің кәсіби өсу парақтарына шолумен аяқталды.