«Ер есімі – Ел есінде» мемориалы ашылды
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Теспе» орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша бүгінгі күні тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту, «Тәуелсіздікке 30 – жыл» мерекесіне орай «Ер есімі – Ел есінде» мемориалының ашылуына орай салтанатты жиын өтті.
Мақсат — оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің
мән-маңызы туралы мағлұмат беру, сондай-ақ арамызда жүрген ардагер-майдангерлеріміздің ерліктерін
үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.
Демеушілік жасаған Балғынбаев Болат Махашұлы (2003), Лесбек Жасұлан Сәтбайұлы 2008 жылғы түлектер. Ескерткіш 738000 теңгені құрайды.
Жанысбаев Әлназарға және сол кездегі облыстық мәслихаттың депутаты Оспанов Бақытжанға, «Теспе» негізгі мектебі болып ашылған кезде физика кабинетін қажетті құрал-саймандармен жабдықтап берген және де ұстаздық еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан Балғынбаев Тоқтарға алғыс айтылды.