ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының «Инклюзивті білім беру» зертханасының бас сарапшысы С.К Исмагулова 2021 жылдың 21 қыркүйек күні іс-сапармен Шымкент қаласына келді. Зерттеу мақсаты білім беру ұйымдарында балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайын зерделеу.
Үстіміздегі жылдың 21қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде, 22 қыркүйек күні № 53 ЖОББМ, 23 қыркүйек күні №18 ЖОББМ зерделеу барысында оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуы мен балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайын зерделенді.
Бас сарапшы зерделеу барысында білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сүйене отырып, инклюзивті оқыту үдерісінде балаларды жетістікке жетуге, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың жоспарларымен танысты. Инклюзивті оқыту үдерісінде балаларды жетістікке жетуге, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар бойынша кездесетін кейбір мәселелі сұрақтарға әдістемелік кеңес берді.
Бас сарапшы С.К.Исмагулова зерделеу мониторингісін жүргізу барысында білім беру ұйымдарындағы инклюзивті оқыту негізінде барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, мектептің даму жоспарымен танысып, арнайы сыныптардың логопед, дефектолог, педагог-психологтардың ерекше білім алатын оқушыларға қолдау көрсету және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, 5 және 9 сынып оқушылары, ата-аналары мен пән мұғалімдері арасында жүргізілген электронды түрде сауалнама нәтижесімен, іс-шара құжаттарымен танысты.
Сонымен қатар,ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жайлы кәсіби кеңес берді.
Іс-сапар соңында Әдістемелік орталықтың «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты үйлестіру және өзін-өзі тану» бөлімінің басшысы Ж.Б.Утесинованың осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарына өз ризашылығын білдірді.