Білім

“IQ ДОДА” зияткерлік ойыны өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 7-9 желтоқсан күндері Талдықорған қаласында республикалық “IQ ДОДА” зияткерлік ойыны өтеді.

Зияткерлік ойынның мақсаты — “Рухани жаңғыру” бағдарламасы идеяларын жүзеге асыру, қазіргі заманның жаңа жағдайларына сәйкес стандартты емес дербес ойлауды, интуицияны, зияткерлік қабілетті дамыту, табыстың іргелі факторы ретінде жаңашылдық пен білімді насихаттау.

Додаға еліміздің барлық өңірінен интеллектуал азаматтар қатысуға ниет білдірген. Талдықорғанға Шымкенттен қалалық оқушылар сарайының директоры Мұстафаев Бақытжан Нұрғазыұлы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Орымбаев Нұрбол Әбдезімұлы, ОҚМПУ жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет Бейсенбайұлы, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің әлеуметтік тәрбие және жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Әлібек Бексейіт Әшірбекұлы құраған команда бақ сынайды.
Ойынның форматы қарапайым және сонымен бірге қызықты болады деп күтілуде. Қатысушылар логика, тапқырлық және білімді қолдана отырып, командалық ойлау арқылы әр түрлі санаттағы қызықты сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «IQ ДОДА» ойынындағы барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынбақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close