Білім

IT-МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы аясында Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан бірқатар жоспарлар түзілді.

• Білім басқармасымен бірлесіп мемлекеттік мектептерде IT саласына қатысты пәндерге ерекше назар аударылып, оқу сағаттарын көбейту қарастырылады;
• Жеке мектептерде жаңа «Ақпараттық технологиялар» пәнін ашып, білікті мамандарды мектеп кезінен бастап даярлау қолға алынады;
• IT-мамандықтар бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде;
• IT кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауымен венчурлық қорлар ашылады.

Жыл соңына дейін Шымкент қаласы әкімдігіне тиесілі мемлекеттік қызметтердің бизнес процестері 100 пайыз автоматтандырылып, «EgovMobile» қосымшасына кезең-кезеңімен енгізіледі.

Шымкент қаласының аумағы 2025 жылға дейін талшықтық-оптикалық байланыс желісімен қамтылып, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және көршілес Өзбекстан, Тәжікстан Республикасын сүйемелдеуге қуаттылығы жететін аймақаралық Data Center құрылады.

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін әлем деңгейінде тәжірибесі бар 2 кәсіби бағдарламалау мектептері ашылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close