Білім

«КІТАП БӘЙГЕСІ» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 2-4-сынып оқушылары арасында бастауыш сынып оқушыларына әдеби шығармалардың түрлерін оқыту арқылы оқуға деген құштарлығын, ықыласын арттыру және оқу сауаттылығының қалыптасуына ықпал жасау мақсатында бір ісшара бастау алды.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Г.Молжігіт пен Г.Сейдуәлінің ұйымдастыруымен «Кітап бәйгесі» байқауы үш кезеңде: мектепішілік, аймақтық, аудандық деңгейде өткізілді. Аймақтық байқауға мектепішілік байқаудан іріктелініп, барлық білім беру ұйымдарынан 64 оқушы қатысты. Аймақтық байқау барысында оқушылар ертегілер мен аңыз әңгімелерді арнайы ұяшықтар арқылы таңдап, таңдалған шығарманы үзіліссіз толық баяндауы, сөйлеу мәнері мен анықтығы, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі тексеріліп, үздік 19 оқушы аудандық кезеңге іріктелінді.

​Аудандық кезеңде оқушылар І турда 15 шығарма бойынша құрастырылған тест тапсырмаларын орындаса, ІІ турда шығармалардан берілген үзінділерді оқып, жалғастырып баяндады, ІІІ турда 30 сұрақтан тұратын бәйге сұрақтарына жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Әуесхан Әсем, І орынды М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектептің 4-сынып оқушысы Еламанова Аселя, ІІ орынды «Төрткүл» жалпы орта мектебінің 2-сынып оқушысы Әмзехан Айзере мен Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептің 4-сынып оқушысы Жақсылық Таңшолпан, ІІІ орынды Абай атындағы жалпы орта мектептің 3-сынып оқушысы Әбсамат Гүлхан, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептің 2-сынып оқушысы Аипова Айару, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептің 3-сынып оқушысы Маханбетова Ясмина иеленді.

​Бас жүлдеге және І орынға ие болған Әуесхан Әсем мен Еламанова Аселяға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Үздік оқырман» төсбелгісі тағылып, барлық жүлделі орын алған оқушылар арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен әспеттелді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close