Мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының қызметкерлері «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, жаңа оқу жылында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады. Сондай-ақ отбасы күніне орай, отбасы құндылықтары туралы айтылды.