Білім

Мектепішілік әдістемелік сағат өткізілді

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай, Егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті ұстаз тұратыны анық.

Бала — балқытылған алтын, оны қалай етіп, қандай қалыпқа құю ол — нағыз өз ісінің шебері болған жаңашыл ұстазға байланысты. Осыған орай, Шымкент қаласында орналасқан «INTELLECT» физика-математикалық лицейінде жас мамандармен, мұғалімдермен әдіс алмасу мақсатында «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында мектепішілік әдістемелік сағат өткізілді.

Әдістемелік сағатта ДТІЖО Гаухар Қалдыбаева жаңа білім беру мазмұны бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді әдістерді жеке-жеке саралап, қажетті тұстарын атап өтті. Модульдік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін слайд арқылы көрсете отырып, жаңашыл ұстаздың басымдықтарына тоқталды.
Алдағы уақытта да лицейдің тәжірибелі ұстаздары өз ойларын ортаға салып, үздік сабақтарымен бөлісіп, тәжірибе алмасу ісі тиянақты жолға қойылады деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close