Білім
«МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы ААӘДБ-не қарасты Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектепте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері күні мен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай, оқушылар арасында «Мен батырдың ұрпағымын» тақырыбында әскери-патриоттық шеру мен қолданбалы спорттық сайыстық іс-шаралары өтті.
Мерекені атап өту барысында сынып жетекшілері «Батырларды еске алуға арналады» тақырыбында оқушылармен ашық тәрбие сабақтарын ұйымдастырды. Патриоттық шара барысында оқушыларға, О

тан үшін қан майданда от кешкен аталарымыздың ерліктері, сұраусыз, іздеусіз кеткен батыр боздақтардың ержүрек рухы туралы айтылып, ұрпақ тәрбиесінің басты феномені ұлттық патриотизм құндылықтары дәріптелді



