«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Шымкенттегі «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» атты ІIІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты — туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру.
Конкурс Әл-Фараби академиялық мектебі базасында оффлайн форматта барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. ZOOM платформасы арқылы өткен конкурсты мектеп әкімшіліктері тікелей эфирде қашықтықтан бақылады.
Конкурс қазақ және орыс тілдерінде қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізілді. Конкурстан соң оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб сайтына жүктеліп, қорытындысы осы сайтта жарияланатын болады. Қосымша ақпарат үшін: +77079353593.