ОНЛАЙН ВЕБИНАР
ВЕБИНАР: «ХИМИЯДАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАНУЫ»
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Химиядан қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы және бағалануы» атты аудандық онлайн вебинар өтті.
Мақсат — жас мамандарға химиядан оқу мақсатына сәйкес, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы және олардың бағалануын түсіндіру және тәжірибе алмасу.
Вебинар барысында, АПӘК әдіскелері — жалпы сабақтың қысқа мерзімді жоспарына шолу жасап, ондағы оқу мақсатына сәйкес сабақтың мақсатының қойылуына, оны ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіру және бағалау қритерийлерінің жазылуы, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы, дескриптордың қойылуы және балдық жүйемен бағалануын талдады.
Қорытынды кезеңде жас мамандар қазіргі сабақтың құрылымына өздері тоқталып, тапсырмалардың түрлеріне талдау жасап, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.