Білім

ОҚУШЫЛАР ҰБТ-НЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ТАПСЫРАТЫН БОЛАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов жақында ҰБТ-ны электрондық форматқа көшіру туралы пост жариялады. Бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдап, қолдау білдірді.

«Біз тек осы емтиханды ғана емес, барлық іріктеу іс-шараларының форматын ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін өзгертудеміз.
Осы бастамалар туралы қысқаша тоқталсам.

Біріншіден, оқушылардың пәндік Олимпиадасы.
Біз биыл ақпан айында алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электрондық форматта өткіздік.

Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалай алып, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді.

Бұған қоса, біз биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесін де өзгерттік. Бұрын қазылар алқасы мүшелеріне балалардың жұмыстары пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалай алды.
Келесі жылдары да олипиаданың облыстық және республикалық кезеңдері тек қана осындай форматта өтетін болады.

Екіншіден, докторантураға қабылдау.
Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді.

Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Эссені де, басқа да тапсырмаларды да осы компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазатын болады.

Үшіншіден, магистратураға түсу.
Өткен жылы біз магистратураға түсушілердің емтихандарын пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық.
Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді», — деп жазған болатын министр.

Ордабасылық ұстаздар да осы мақсаттағы жұмыстарын бастап кетті. Мектеп оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын үнемі назарда ұстап отыр. Биылғы жылғы түлектер жақсы нәтиже көрсетеді деп сенім білдіруде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close