Білім

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы С.Мұқанов атындағы білім ордасында «ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ» атты білім ұйымдарындағы жас мұғалімдерге арналған әдістемелік онлайн семинар өтті.

Жалпы, аудандық семинар мұғалімдердің өзара әдістемелік тәсілдерді алмасу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Аталған білім ошағының басшысы Н.Табылды өз ұйымында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепшілік әдістемелік оқыту семинарлар, шебер сыныптар, апталықтар, онкүндіктер өтіп жатқаны туралы тарқатып айтты.
Сондай-ақ, мұғалімдер сабақ жоспарлау, сабақ өту барысында қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асатынын, оқушы мен мұғалімнің өзара тығыз байланысын қалыптастыратын, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды дұрыс орындағанын білуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

Осы ретте, тарих пәні мұғалімдері
Р. Кадырбекова, А.Қойжігіт, Ә.Ерімбетова, Б.Сиздикова жас мұғалімдеріне 5-11 сынып аралығында өз шеберліктерін көрсете білді. Мазмұнды ашық сабақтар өтті. Оқу ісінің меңгерушісі А.Қожасейтова шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бағыты туралы кеңінен тоқтала кетті.
Семинар соңында мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың оқушылар білімін көтеруде тиімді екеніне көз жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close