ОҚУШЫЛАРҒА АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР АЙТЫЛДЫ
Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін аудандағы №28 және №30 мектептерінде оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы және «Заң талабы» құқық қорғау орталығының заңгері мен Еңбекші аудандық полиция басқармасының ЮПБ мектеп инспекторларымен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, осы кездесуде жасөспірімдерді спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында Шымкент қаласының №12 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бапкерлері М.Заббарханов пен А.Сатибалдиев тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.