Білім
ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ТӘРТІБІН ҮЙРЕТТІ
Балалар еліміздің келешегі болғандықтан, оларды түрлі қауіп-қатерден қорғауға тиістіміз және алдын алғанымыз жөн. Олардың дұрыс бағыт-бағдарда жүруі үшін көптен-көп үгіт-насихат керек-ақ. Осы ретте мектептің ықпалы орасан зор болмақ. Мысалыға ордабасылық ұстаздардың мына бір тәрбиелік сабағын айта кетсек.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Амангелді атындағы жалпы орта мектепте «Абайлаңыз балалар!» ісшарасы өтіп жатыр.
Осыған орай «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Бұл тәрбиелік мәні мол сабақта мектеп оқушылары жаяу жүргіншілердің ережесіне қанықты. Қалалық жерде бағдаршамнан өтер кезде мұқият болу керектігін білді.