Білім
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС!
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Ордабасы ауданындағы «ТЕСПЕ» жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагог Ұлбосын Қарабекованың ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық аптасында демеушілерді тарта отырып, мектепте оқитын 10 оқушыға спорттық киім мен спорттық аяқ киімдер әперді. Ата-аналар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыс айтты.