Білім

ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психолргтарының ұйымдастырумен Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандарымен кездесу өтті.

Қорғаныс бөлімінің қызметкерлері ең алдымен елді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін айтты. Отан үшін отқа түскен батыр бабаларымыздың ерлік істерін үлгі етті. Сонымен қатар, мамандық таңдар кезде қателеспеуге шақырды.

Ал, шәкірттер аға буын өкілдерінің ақыл-кеңестерін жадында ұстауға тырыспақшы. Еліне, жеріне адал қызмет етемін деген Отансүйгіштік сезімдері одан сайын күшейе түскендей болды. Ағаларына өз тараптарына сұрақ қойып, белсенділік танытты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close