ШАХМАТ БАЛАЛАР ӨМІРІНЕН ОРЫН АЛДЫ
Бұл- биылғы жаңа оқу жылының жағымды жаңалығы болды.
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында мектеп оқушылары ақыл — ой тәрбиесі — ШАХМАТ ӨНЕРІМЕН шұғылданатын болды.
«ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу — тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021- 2022 жылғы оқу жылындағы ерекшеліктер туралы » әдістемелік нұсқау хатта «дене шынықтыру» пәнінің бір сағатын интеллектуалды ойын — ШАХМАТҚА арнау ұсынылды.
Бұл тәжірибе ең алғаш Шымкент қаласында іс жүзіне асқанын атап айтуға болады.
Өркениетті елдер тәжірибесіне сүйенсек, интеллектуалды ойын — ШАХМАТ білім беру жүйесіне әлдеқашан еніп қойған.
Еуропарламент
2012 жылы «ШАХМАТ МЕКТЕПТЕ» атты декларация қабылдап, білім беру жүйесінің құрамдас бір бөлігі деген тұжырымға келді.
Біздің де Парламент депутаттары да осындай бір құнды шешім қабылдаса, жас ұрпақ тәрбиесінде оң өзгерісгер болып, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға даңғыл жол ашылар ма еді деймін.
Білім беру жүйесінде әлемде үлгілі жетістіктерге жеткен Жапония елі осы шахмат қағидасына ерекше арқа сүйеп, білімді жас ұрпақ тәрбиелеуге көшкенін мақтанышпен айтуға болады.
» Ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемалардың шешудің ең оңтайлы жолын іздеп таба біл» деген құндылықтарды балалар бойына сіңірді.
Шахмат тақтасында ең алдымен осы принциптер жүзеге асады.
Шахмат ойыны барысында бір фигураны ұстаған соң ойланып, өз бетіңше шешім қабылдап, дұрыс жүріс жасауға тура келеді.
Шаршы тақтадағы шайқаста көптеген күрделі позициялар пайда болып, ол проблемаларды оңтайлы шешуге ұмтыласың.
Білім беру жүйесі дамыған елдер қоғамның рухани- адамгершілік құндылықтарын көрсететін осындай өмірлік принцип арқылы өскелең ұрпақ тәрбиелеуге көшкен.
Қазақ балалары ақылды болсын десек, шахмат өнеріне үйретейік.