Білім

Шымкентте колледж студенттеріне дәріс өткізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік колледжінің студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс өткізді.

Бұл дәрістің басты мақсаты — ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығңын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.

Дәріс барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close