Білім

Шымкенттік полицейлер оқушыларға сабақ өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы полиция майоры Қ.Оңалбеков қаладағы №56 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына сабақ өткізді. Онда оқушылардың төтенше жағдай кезінде қандай шаралар қолдану керектігін үйретті. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Сабақ барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close