Білім

«Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы
Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінде АПӘК әдіскері Тамара Бәкір Бахрамқызының ұйымдастыруымен мектеп логопедтеріне арналған «Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Тәжірибелік семинардың мақсаты: сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамытуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру. Семинарды мектеп басшысы Ү. Бибатыр ашып, білім беру ұйымының тыныс -тіршігімен таныстырды. АПӘК әдіскері аудан көлемінде логпунктерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Семинарда «Қарақұм» жалпы орта мектебінің логопед маманы Уалиханқызы Мөлдір «Р дыбысын сөйлем ішінде машықтандыру» тақырыбында даярлық тобының 4 оқушысымен үлгілі түзету сабағын өткізді. Б. Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің логопед маманы Байзах Үміт «Мамандық таңдау» тақырыбында 1-2 сынып оқушыларына үлгі сабақ өткізді.Осы мектептің психологы Толқын Құлтай логопедтермен психологиялық тренинг жүргізіп, оқушының зейінін шоғырландыруды ұйымдастыруды үйретті. Семинарға аудан мектептерінің логопед мамандары катысып, ерекше оқытуды қажет ететін, сөйлеу тілінде кемістігі балалармен жұмыс жүргізудегі кездескен қиындықтарды талдап, ұсыныстар жасалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close