Білім

ТАҒЫЛЫМ БЕРЕР СЕМИНАР

№80 ІТ мектеп-лицейінің кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы
қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында айлық іс- шаралар топтамасы өтуде.

Осыған байланысты Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жер жұмағы –ен дала, ел сұлуы –қыз бала» атты семинар –кеңес болып өтті.
Іс –шараның мақсаты:
Қоғамдағы қыз бала тәрбиесіне жете мән беру, қазақ қыздарының бойына барынша ұлттық салт –дәстүр, тәлім –тәрбиені меңгерту, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің , аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу.


Шымкент қаласы әдет –ғұрып және салт –дәстүр орталығының маманы Райхан Сапарқызы Алтыбаева, ҚР мәдениет қайраткерлері Айман Қарсыбаева, Марина Ілес және М.Әуезов атындағы университетінің аға оқытушылары Майра Ормолдаева, Ләйлә Жұмабай мен мектептің ата –аналар комитеті төрайымы Жамал Рахымбердиева, ардагер –ұстаздар Бахыт Қазыбекқызы қонақта болды.

М.Әуезов атындағы университетінің аға оқытушылары Майра Ормолдаева және Ләйлә Жұмабай «Қызды оң босағаға шығару» деген әдемі салт –дәстүрді көрсете отырып, қазақтың өнегелі дәстүрін насихаттады. ҚР мәдениет қайраткерлері Айман Қарсыбаева , Марина Ілес «Қобыз-қазақтың ұлттық аспабы» тақырыбында ой толғап, қобыз үнімен оқушыларды сусындатты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close