Білім

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МӘНІ ДЕ, МАҢЫЗЫ ДА АЙРЫҚША

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта  мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік үшін тер төккендер» тақырыбында Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Оспанова Гүлмира Болатқызымен кездесу өтті.

— Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 30  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Осы ретте Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өткен жөн,  — деді Г. Болатқызы. Сонымен қатар тәуелсіздікке үлес қосқан айтулы азаматтарды тілге тиек етті.

Мектеп ұжымы кеш қонағына өз ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close