Білім

ТОП ЖАРҒАН ТАЛАНТТЫЛАР

«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны». Н.Ә.Назарбаев.

«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Басты мақсаты: Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

• Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде Ордабасы ауданы «U-Study» -дың мамандандырылған базасында 2021 жылдың 5 мамыр күні «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының» екінші кезеңі өтті. Ауданымыздың 43 білім алушысы математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырды. Барлық қатысушыларға «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ұйымдастыру комитеті атынан Түркістан облысы дарынды балаларды анықтау жəне қолдау орталығының қызметкерлері арнайы сыйлықтар /футболка, кепка, шоколад, су, печенье/ табыстады.
Мыңнан тұлпар жүзден жүйрік жастардың үміттері ақталады деп сенім білдіремін.

Айман Қанжігіт,

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close