Білім

ҰЛТТЫҚ АСПАПҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 135 жалпы орта мектепте білім ошағының басшысы Михеев Берікбай Елтайұлының басшылығымен  “Қазағымның үнісің сен домбыра” атты бұрышы салтанатты түрде ашылды.

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.

Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Ашылу барысында ұстаздар мен оқушылар домбырада өз өнерлерін көрсетті.

Бұл оқушыларға ұлттық дәстүрімізге, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын артырып, алдағы уақытта өнерлі шәкіртерді шығарады деген ойдамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close