Білім

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРУ – АНА ТІЛІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл – татулық тірегі» -атт онкүндік іс-шаралар жоспары аясында өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйытқы болуымен ф.ғ.к, доцент, Түркия Республикасы Ардахан қаласы, Ардахан университетінің профессоры Байниязов Аябек Жандарбекұлымен «Ұлттық рухты көтеру – ана тілден басталады» деп аталатын кездесу сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды.

Аталған кешті мектеп директоры Раушан Алмаханқызы ашып, ұстаздар мен оқушыларды тілдер мерекесімен құттықтай отырып, өткізіліп отырған кездесу кешінің маңызы зор екенін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған Аябек Жандарбекұлы өзінің еңбек жолындағы атқарған шығармашылық жұмыстары мен ана тіліміз жайлы, оқушыларға тәрбиелік мәні бар ғибратты әңгімелерімен бөлісіп, А.Байнизов алғаш рет түрікше–қазақша, қазақша–түрікше сөздіктің авторы екенін айтып, оқушыларымызға ұлттық құндылықтарымыз жайлы ерекше тебіреніспен жеткізді. Келелі кездесуді мектептің педагог-ұйымдастырушы Қанат Нышанбайұлы жүргізіп отырды.

Оқушылар келген қонаққа тақырып төңірегінде туындаған сұрақтарын қойып, өздерінің ой пікірлерімен бөлісті. Ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып, үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, Отанын, тілін, салт – дәстүрін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Аябек Жандарбекұлымен өткен кездесу кеші жоғары дәрежеде өтті.

Іс-шара барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бірауыздан ана тілімізге жаңашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу баршамыздың парызымыз екені айтылып, оқушылар ерекше әсер алып тарқасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close