Үздіктер бәйгеге түсті
Ордабасы ауданына қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турниры өтті. Елдегі қазіргі жағдайда талдау және қоғамдық талқылау арқылы оқушылардың саяси белсенділігі мен азаматтық жағдайын арттыруға ықпал ету мақсатында өткізілген дебатқа 8,9,10 — сынып оқушылары арасынан құрылған «Виктория», «Тәуелсіздік», «Ұшқырлар», «Тапқырлар» фракциялары қатысты.
Дебатқа ағылшын тілі пәні мұғалімі Мақсұт Мадина, мектептегі «Жас қыран» дебаттық клуб жетекшісі Әбдіразақ Ержан және Облыстық «Ұшқыр ой» алаңы дебаттық турниріның үздік спикер номинациясының иегері 11 — сынып оқушысы Әбдірахман Жұлдыз төрешілік жасады.
Дебат қорытындысы бойынша
1 орын — «Тәуелсіздік» фракциясы
2 орын — «Виктория» фракциясы
3 орын — «Тапқырлар» және «Ұшқырлар» фракциялары ие болды
«Үздік спикер» атағын 9 — сынып оқушысы Құлымбет Бақнұр иеленді.
Ұстаздар дебатқа қатысқан оқушылардан мектеп атын аудан, облыс, республика көлемінде үздік спикерлер шығады деп үлкен үміт күтуде.