Білім

«ЫБЫРАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Ыбырай оқулары» ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты — алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, мемлекет қайраткері Ыбырай Алтынсариннің тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, оны зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту аясында шығармашылықпен шұғылданатын педагогтерді ынталандыру, қолдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Ыбырай оқулары 4 бағыт бойынша жүргізілді:
«Даланың дара ұстазы …» ақындар байқауы, » Ыбырай салған сара жол» ғылыми-зерттеу жұмысы, «Ыбырай Алтынсариннің қалдырған ізі мәңгілік өшпес», т.б. шығармашылығы жайлы мақала жазу байқауы, «Қазақ көгіндегі шамшырақ» эссе байқауы бойынша өткізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close