ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕРДЕН ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ
Дарын орталығының ұйымдастыруымен «Ер Тұмар» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ALPHA ACADEMY» білім академиясымен бірлесіп өткізген ағымдағы жылы 9 тамыздан 21 тамызға дейін онлайн форматта жоспарланған оқушылар мен оқытушыларға арналған жаратылыстану-математика бағытындағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндерден жазғы олимпиада мектебінің оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) аяқталды.
Оқу-жаттығу сабақтары күнделікті 9:00-ден 19:00-ге дейін түрлі платформаларда (Discord, Zoom, Google meet, YouTube) жүргізілді.
«Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығының» вице-президенті, «AlPHA ACADEMY» білім академиясының негізін қалаушы, тәуелсіз кеңесші Бахнұр Мақсатұлы Зиябеков ZOOM платформасында Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омархановнамен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден жазғы олимпиада мектебінің оқу-жаттығу жиынының қорытындысы жөнінде конференция өткізді.
«Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығының» вице-президенті, «AlPHA ACADEMY» білім академиясының негізін қалаушы, тәуелсіз кеңесші Бахнұр Мақсатұлы Зиябеков
— жоғары сыныптағы баланың дарындылығы мен күшті жақтарын қалай көрсету туралы;
— халықаралық олимпиаданың жеңімпазы болу мүмкіндіктері жайлы;
— мектеп жасынан конкуренцияны көру;
— Critical thinking;
— Time management;
— пәндер мен бағыттар бойынша оқушыларды жаттықтырудың тиімді тәсілдері жөнінде кеңес берді.
Жазғы оқу-жаттығу жиынының белсенді, үздік қатысушыларына «Alpha Academy» Білім Академисясының сертификаты табысталады.