Білім

Жарқын қадамдарына сәттілік тіледі

Ордабасы ауданындағы Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай 9 және 11- сыныптарға арналған салтанатты жиын болып өтті.

Шара барысында жас түлектер өз өнерлерін көрсетті, 20 жылдық түлектер ұшқан ұяларына келіп сый-сияпатын жасады. Олардың көзінен білім алған мектептерін сағынғанын аңғаруға болады. Замандастар бір-бірімен қуана қауышып, арқа-жарқа болып отырды. Ұстаздарына деген ілтипаттарын да көрсетіп жатты.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Раушан Досқара жас түлектерді мекересімен құттықтай отырып, жетістікке жеткен ұстаздарды облыстық және аудандық Ахлғыс хаттарымен марапаттады.

Бұл жас түлектердің үлкен өмір жолына қадам басқан, ұстаздардың еңбегінің еленіп, үмітінің ақталған күні болды. Жастардың жарқын қадамына тек сәттілік тілейміз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close