Білім

ЖАСТАР — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың бекіткен жоспарына сәйкес «Төрткүл» жслпы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен қоғамдық ұйым жетекшілері мен зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әбдіхалық Қасымбай Жаханұлы, Төрткүл ауыл округінің әкімі Мұхтархан Өтеміс, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Амантай Сексенбаев, «Төрткүл» мектебіндегі «Әкелер мектебінің» төрағасы Айтбаев Құралсын, ауыл биі Серік Ергебеков қатысты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған кездесуде оқушылармен ашық сұхбат әңгімелесу, сұрақ-жауаптар болды. Жиын барысында әрбір зиялы қауым өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Мұның оқушыларға тәлім-тәрбиелік маңызы зор болды. Тағылымы терең бұл шарадан оқушылар өмірлік азықтарын алды деуге де келеді. Ешқандай жасандылықсыз өткен жиын жастарға берер дүниесі ұшан-теңіз екені көрініп-ақ тұр.

Алдағы уақытта осындай зиялы қауым өкілдерімен жүздесу жиі болса деген ұсыныстар түсті. Жастарға, яғни оқушыларға берер тағылымы терең. Жастар — біздің болашағымыз. Болашаққа салған капитал тектен тек болмаса керек.

Қанат Қоспанов,

«Төрткүл» жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close