#Денсаулық

COVID-19: ШЫМКЕНТ +125

Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 125 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 103, белгілері жоқ – 22). 48 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 77 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 37%-ды құрайды, 882 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 531 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 94 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 7466 адам вакцина алды (I компонент-4453, II компонент-3013). Егу науқаны басталғалы барлығы 521 078 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Мамандар, пандемия жалғасып жатқандықтан босаңсуға болмайтындығын айтуда. Барынша сақтық шараларын сақтап, карантин режимін қатаң ұстануға шақырады. Адам көп шоғырланған орында бетперде міндетті түрде тағып, ара қашықтық сақтау, коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау – өміріңді сақтайды!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close