#Денсаулық
ЭКОҒА КІМДЕР ҮМІТКЕР БОЛА АЛАДЫ?
Процедураның негізгі көрсеткіші — терапевтік емдеу мүмкін емес бедеулігі бар тұрғындар. Биылдан бастап өз қарым-қатынасын заңдамаған жұптар да ЭКО-ға үміткер бола алады. Ол кезде екі тараптан да жазбаша өзара келісімнің болуы міндетті.
Сондай–ақ, Қазақстан азаматы болып, денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес болу қажет:
— репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін)
— қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебелер
— жоғары фолликулярлық резерв
Науқасқа in vitro ұрықтандырудан бас тартатын жағдайлар:
— жатырдың туа біткен немесе алынған ауытқулары,
— соматикалық және психикалық бұзылулар
— аналық без ісіктері
— жедел қабыну аурулары және кез-келген локализацияның онкологиясы.