ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР ОҢАЛТУ ЕМІН ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеген «Атамекен» орталығының мамандары оңалту емін қайта жалғастырмақ.
Орталықта биыл қараша айынан бастап түрлі жарақат алған және дерті асқынған науқастарға реабилитациялық көмек көрсетіледі. Оңалту емі науқастарға тегін жүргізіледі. Ол үшін пациент тіркелген мекенжайы бойынша емханадан жолдама арқылы келеді.
Нақтырақ айтқанда, «Атамекен» реабилитация орталығында инсульт, травматологиялық оталардан кейінгі, COVID-19 пневмониядан кейінгі ерте реабилитация тәулік бойы стационарлы деңгейде тегін жүргізіледі.
«Атамекен» реабилитация орталығына келген әрбір науқаспен арнайы білікті мамандар тобы жұмыс істейді. Пациенттің жағдайын жеке бағалап, ем-шара тағайындайды. Орталықта физио ем, иглотерапия, массаждың түрлері, логопедиялық массаж және емдік денешынықтыру арнайы инструктор маманының бақылауымен жүргізіледі.
Сондай-ақ реабилитолог, невропатолог, травматолог, пульмонолог, психолог, логопед және т.б. жеке бейінді мамандырдың кеңесін тегін алуға болады.