#Денсаулық
ШЫМКЕНТТЕ 435 МЫҢ АДАМ ВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ
Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің 223 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 116 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 980 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 497 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 5350 адам вакцина алды
(I компонент-2804, II компонент-2546). Егу науқаны басталғалы барлығы 435 071 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 367 468 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Ғылыммен дәлелденген вакцина — пандемияны жеңудің жалғыз жолы болып отыр.