ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Індет жұқтырудың кезекті шарықтау шегінен өттік. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі осындай.
Олардың айтуынша, қалада өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 жағдай тіркелген. Оның ішінде белгілері бар 41, белгілері жоқ 8. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынған.
Ауруханадағы орындар біртіндеп босап жатқаны байқалады.
Мамандар инфекциялық стационарлардың жүктемесі бір ай көлемінде 50 пайыздан 38 пайызға дейін төмендегенін айтады.
Бүгінде инфекциялық стационарда 548 науқас, ал жансақтау бөлімінде 96 науқас ем қабылдауда.
Сонымен қатар қалада екпе салдырғандар қатары артып келеді. Бір тәулік ішінде қалада 2322 адам вакцина алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 516 623 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 417 708 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі төмендеген. Дегенмен, қала тұрғындарынан карантиндік талаптарды сақтауды және бетпердені дұрыс тағуды сұраймыз.