#Денсаулық
ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТАН 43 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 43 жағдай (39 симптоммен, 4 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 19 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 643 орын бар, оның 897-і төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 746 науқас емделуде.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7362 адам вакцина алды (I компонент-5191, II компонент-2171). Егу науқаны басталғалы барлығы 492 914 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 400 319 адам вакцинаның екі компонентін алды.