ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 79 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында 30 қыркүйек күні КВИ-дің 79 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 63, белгілері жоқ – 16). 42 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 363 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 867 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 496 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 79 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 5521 адам вакцина алды
(I компонент-2586, II компонент-2935). Егу науқаны басталғалы барлығы 526 689 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 426 388 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Құрметті қала тұрғындары! Емханалардағы барлық екпе егу бөлмелері демалыс күндері де жұмыс жасайды. Екпе алып, өзіміз бен жақындарымызды вирустан аман сақтайық!