#Денсаулық
ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 86,1 ПАЙЫЗЫ ВАКЦИНАЛАНДЫ
Шымкентте 13 қыркүйек күні КВИ-дің 99 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 85, белгілері жоқ – 14). 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 39 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 1391 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 791 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 393 төсек орын бар, 158 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 6239 адам вакцина алды
(I компонент-4334, II компонент-1905). Егу науқаны басталғалы барлығы 463 001 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 387 478 адам вакцинаның екі компонентін алды. Бұл екпе алуға болатын санаттағылардың 86,1 пайызын құрайды.