#Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРГЕ ЖАЗЫЛУ ТӘСІЛІ ЖЕҢІЛДЕДІ

@ikomek109.shymkent және @gorzdravshymkent бірлесе, қала тұрғындарына дәрігерлерге жазылу тәсілін жеңілдетті.

Енді мегаполис тұрғындары жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) БІРЫҢҒАЙ ТЕГІН 1️⃣0️⃣9️⃣ нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.

Тіркелген емханаға барып немесе емхананың байланыс нөмірлеріне хабарласпай-ақ, @ikomek109.shymkent орталығымен байланыссаңыз болады. Орталық қызметкерлері тез арада Сізді өзіңіз бекітілген дәрігерге жазып береді.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:

1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close