Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысына нүкте қойылады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысынан соң қос тараптың салық бағасын жеңілдету туралы келісіміне сай жылымық кезең қайта орнай түсті.
Нәтижесінде 2019 жылдың наурызынан бастап Қытай тұңғыш рет осы АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ импорт ете бастады.
Естеріңізге салар болсақ, екі елдің сауда соғысы салдарынан бір-бірлерінен импорт еткен заттарға ауыр салық салғандықтан кейбір өнімдердің саудасы тоқтаған болатын.
Алайда Қытай аталмыш сауда соғысы аясында АҚШ-тан алған сұйытылған табиғи газға қойылған 25 пайыздық салықты жеңілтеде бастады.
Кейбір импортшы компанияларға берілген салықсыз мүмкіндіктерден кейін бір жылдан бері тұңғыш рет АҚШ-тың табиғи газ құйылған жүк көліктері Қытайға жолға шықты.
Осылайша сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын АҚШ-тың 4 танкері Қытайға бет алды.
Қытай коронавирустың экономикаға жасаған кері әсерін азайту мақсатында аймақтардағы шектемелерді жоя бастады.