Мәдениет/Тарих
РАДИО КҮНІ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТА ЖАЛҒАСТЫ
«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде жалғасын тапты. Мегаполистің театр, цирк және өзге де мәдени ошақтарында еңбек етіп жүрген 200-ден аса қызметкері ежелгі қаланың бас қақпасынан сахналық қойылыммен қарсы алып, әннен шашу шашты.
Сонымен қатар, қала қонақтарына тарихи-мәдени кешеннің цитаделі таныстырылды. Кешен экскурсоводтары Шымшаһардың терең тарихымен таныстырып, ескі қаладағы археологиялық аймақты көрсетті. Радиотілшілер ХІ-ХІІ ғасырдағы су құбырларын, қауыз бен «Махаббат мұнарасы» бөлмесін, садақ ату алаңшасын тамашалап, ескі қаладан ерекше әсер алды.