ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкент қаласы Әділет департаментінде Конституция күніне орай арнайы салтанатты іс-шара онлайн режимінде ұйымдастырылды. Әділет министрлігінің ведомствоаралық наградаларымен марапаттау туралы арнайы бұйрығына сай әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Нұрсултан Самарканов «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар департаментінің бас маманы Серік Пралиев ҚР Әділет министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Ел тарихындағы маңызды мереке қарсаңында Шымкент қаласы департаменті басшысының грамотасы бірқатар қызметкерлерге де салтанатты түрде табысталды.
Айтулы күннің қарсаңында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің алғыс хаты департаменттің 4 қызметкеріне берілді. Мерекеде мерейлері үстем болған азаматтарға халыққа құқықтық қызмет көрсетудегі еңбектеріңіз жемісті болғай деген тілек қосамыз!