#Мереке

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Отбасы –бақыт мекені» атты мерекелік шараға қызмет алушы аналар мен балалар қатысты. Келген қонақтарға Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры және облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филормонияның дәстүрлі әншілері өнер көрсетті. Сондай-ақ, балалар «Тышқан мен қораз» ертегі қойылымын тамашалап, қуанышқа бөленді. Осылайша, орталық қызметкерлері қызмет алушы аналар мен балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық секілді 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бүгінде орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-аналар, 24- балалар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close