Қоғам

300 ДАНА СЫҒЫМДАЛҒАН ЖОҢЫШҚА ЖАНЫП КЕТТІ

Ауыл шаруашылығы техникасында ұшқын сөндіргіштің (искрогаситель) болмауы салдарынан өрт пайда болды

2024 жылы 5 маусымда Түркістан облысы, Сайрам ауданында Алматы-Ташкент- Термез тас жолында трактор техникасының тіркемесінде шамамен 300 дана сығымдалған жоңышқа шөбі жанып өрт оқиғасы орын алды. Өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт шығу себебі ауыл шаруашылығы техникасының (трактор) жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуіне жол беру салдарынан орын алғаны анықталды. Аталған факті бойынша көлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 589-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

*НАЗАРҒА АЛЫҢЫЗ!*

Егер өрт қауіпсіздігі ережелеріне тиісті назар аудармасаңыз, онда еңбек нәтижелері санаулы минуттарда отпен жойылуы мүмкін.

Жыл сайын егін жинау кезеңінде өрттер ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде және олар көбінесе ірі жемшөптерді дайындау және сақтау, дәнді дақылдарды жинау және өңдеу орындарында орын алады.

Кептіру мен тазартудың технологиялық процестері үлкен өрт қаупі болып табылады. Өрттің жиі кездесетін себебі-кептіргіштерде салқындатқыштың температурасы жоғарылаған кезде кептіру режимін сақтамау. Астықты кептіру және өңдеу кезінде өрттің алдын алу үшін ауаны жылыту температурасын қатаң бақылау қажет.

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close